Header Ads

Güncel Haber
recent

М.ШАХАНОВТАН ХАТ "Қасиетті Тәуелсіздік"


Түркия РеспубликасыИзмир қаласының
Қазақ мәдениеті қауымдастығына


Қазақ халқы осынау Тәуелсіздік таңына жету үшін қаншама боздақтарынан айырылды. Осынау қасиетті Тәуелсіздік деген сөзді біз кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Әрбір адам өзінің азаттығы үшін жауапты екенін естерінен шығармауы керек. Біздің алдымызда да осы сұрақ кесе көлденеңнен тұр. Қазіргі жаһандану заманында ұлт болып қаламыз ба, әлде қалмаймыз ба деген сұрақтың төңірегінде жұмыс істеп жатырмыз. Бәріміз үн қосып Тәуелсіздігімізді сақтап қалуға кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін атсалысуымыз керек.

Бүгінгі мереке сол биік мұраттың жолына ірге болсын деп, Сіздердің жұлдыздарыңыз рух пен парасат биігінен жарқырасын деген тілек білдіремін.

Құрметпен,

Қазақстанның халық жазушысы,
Қырғызстанның халық ақыны,
«Түркі тілдес халықтар арасындағы
ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері,
«Жалын» журналының бас редакторы                   

М.ШАХАНОВ
Blogger tarafından desteklenmektedir.