Header Ads

Güncel Haber
recent

Измир қаласында Консул Исатай Сулейманов қазақстандық студенттермен кездесу өткізді

ИЗМИР. 17-ақпан 2014. – Консул Исатай Сулейманов Измир қаласында білім алып жатқан Қазақстан студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Исатай Сулейманов Измирде білім алып жатқан студенттермен жақыннан танысып, студенттердің университет өміріндегі және оқудан тыс уақытта кездестіретін мәселелерін, қиыншылықтарын, өзіндік ой-пікірлері және ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ, биылғы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауы да талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан студденттерінің Стамбұлдағы ресми өкілі Мақсат Утенов, Түркиядағы Қазақстан студенттерінің ұйымдастырыуымен 2014 жылдың 3-4 мамырында өтетін «Кемелденген Қазақстан-Ақылды қала «ЕХРО-2017» атты ғылыми-практикалық конференция туралы жан-жақты ақпарат берді және Измирдегі студенттердің де белсенді ат салысуы қажет екендігін атап өтті.

Консул Исатай Сулейманов осы кездесу барысында Измирдегі Қазақстан студенттерінің жаңа жетекшісін тағайындады және осы жауапты міндетті ойдағыдай атқара алатынына сенім білдірді. Сонымен, Қазақстан студенттерінің Измир қаласындағы ресми өкілі болып Еге университеті, туркология бөлімі докторанты Тұратбек Мантаев тағайындалды. Басқосу соңында жиынға жиналған қауым Стамбұлдан келген қонақтармен естелік суретіне түсті.
Blogger tarafından desteklenmektedir.