Header Ads

Güncel Haber
recent

Қазақстанда Ұлттық Жаңғыру және Назарбаевтің Көрегендігі


Қазақстан өзінің табиғи байлықтарын, әлемдік және аймақтық тұрғыда маңызға ие геосаяси орнын, саяси және мәдени тәжирибесін пайдаланып келді, аймақтағы және әлемдегі тепе-теңдікке дұрыс баға бере отырып, халықаралық нормаларға сәйкес зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде дамуды көздеп және осының арқасында қысқа мерзімде таңқаларлықтай жетістіктерге қол жеткізе отырып, аймақта өзіндік орны бар мемлекетке айнала білді. Сөзсіз бұл жетістік, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында.

Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Орта Азиядағы мемлекеттер ішінде көрініс тапқан саяси дамудың ерекшелігі ретінде демократияның жоғарыдан төмен қарай және көбінесе бұрынғы биліктің алдыңғы қатарлы басшылары тарапынан дамытылғандығын көрсетуге болады. Бұл алғашқы кезде түрлі қиындықтың туындауына себеп болса да, жаңа конституциялардың қабылдануы парламеттің, саяси партиялардың және мемлекеттік емес ұйымдардың құрылуы, аталған қиындықтарды шешуді жеңілдетті.

Аты аталған мемлекеттерде жүзеге асырылған конституциялық реформалар бұл елдердің, дәстүрлі қоғамдық және саяси режимдерін қайта өңдеу, батыс елдерініңконституциялық нормаларынөзінің мәдениетіне сәйкестендіру ретінде қарастыруға болады.

Жаһандану және жаңғыру жолында аймақтағы мемлекеттер әр түрлі үлгіні ұстанғандығын айтуға болады. Мысалға; «түрлі-түсті төңкеріс» (Қырғызстан), мемлекеттік негізде жаңғыру (Қазақстан), қарама-қайшыреформа (Тәжікстан және Өзбекстан) немесе қолданыстағы мемлекеттік басқару түрінің өзгергендігін көрсету үшін, жүзеге асырылған өзгерістер.

Қазақстан мемлекеті, көптеген қиыншылықтарға қарамастан, демократиялану және жаңғыру жолында қысқа уақыт ішінде біршама жолды басып өтіп, маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар аз ғана уақыт ішінде, тұрақты дамып көрші елдерге үлгі боларлықтай дәрежеге жетті.

Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің ең маңызды себептерінің бірі, Қазақстанда мемлекеттік негізде жаңғыру және демократиялану әдісінің мемлекет және аймақтық жағдайларға байланысты өте ыңғайлы модел болуында. Дегенмен барлық мемлекетке бірдей әдіс ұсынылса, нетижесінде, адам түңілерлік жағдайдың туындауына себеп болатынын естен шығармау қажет. Қазақстан өткен мен болашақ арасында байланыс орнатуды, әлемдік демократиялық нормаларынды өз мәдениетіне біртіндеп сәйкестендіруді жүзеге асыра білді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың харизматикалық байсалды көшбасшылығы және ұтымды саясатының арқасында Қазақстан халықаралық нормаларға сәйкес конституцияға қол жеткізген. Қажет болған жағдайда конституциялық және занды реформалар жазылып, саяси партиялар және мемлекеттік емес ұйымдар құрылып, зайырлылық таңдалып, аймақ және әлем елдерімен терезесін теңестіру көзделіп, күшті экономикаға және тұрақты саясатқа қол жеткізілген.

Көптеген жылдар орыстандыру саясатының астында қалған, тілін, тарихын, мәдениетін ұмытуға мәжбүрленген Қазақ халқы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің арқасында құндылықтарға көз тіккен ажалдан аман қалған. Осылайша әлемдік саяси аренада тәуелсіз, демократиялық және күшті мемлекет ретінде өз орнын ала білген.

Қазақстанның 1991 жылында тәуелсіздікке қол жеткізгеніне, әсіресе кеңес үкіметінде туындаған саяси қиындықтар, әлсіреу және таралу секілді факторлар маңызды дәрежеде рөл ойнаған. Дегенмен ен маңызды фактор, Қазақ халқының бойындағы ержүректігі мен тәуелсіздік жолындағы күрес болып табылады.

Саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда әбден тозып құлаған жүйеден кейін, Қазақ халқы аз ғана уақыт ішінде өзін жинап, аяққа тұрып кетуінің өзі тілге тиек етерлік жағдай. Түрік Дуниясының ақсақалы, ұлы көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев, тәуелсіздік жолындағы күресте маңызды рөл ойнады. Қазақстанға, Тәуелсіздікке қол жеткізу және тәуелсіздікті мәңгілік ұстап тұру үшін мықты көшбасшы, күшті экономика, ширақ халық, күшті армия, дамыған техника және жаңа көзқарастар қажет болатын. Осы қажеттіліктермен мемлекетті қамтамасыз еткен кісі Нұрсұлтан Назарбаев болды.

Назарбаев 2030 және 2050 стратегиялық даму бағдарламасында алдыға тартқан көзқарастарына осы мағлұматтар төңірегінде қарау керек. Осы көзқарастарға сәйкес, кей кездері жаңа бағдарламалар дайындап жаңа мақсаттар белгіленуде. Осының дәлелі ретінде Егемен Қазақстанның 12 сәуір 2017 жылғы жарияланған мақаласын көрсетуге болады.

Назарбаевтың мақаласына қарағанда сананың жаңғыруына алты бағытта тоқтағандығы аңғарылады.

1- Бәсекелік Қабілет: Қысқаша бір халықтың болашақта табысты болуын белгілейтін негізгі фактордың қолдағы байлығы емес, көбінесе халықтың бәсекелік екендігі айтылған. Осы тұрғыда үш мәселенің маңыздылығына назар аударылған. Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар. Осыларға сәйкес жүзеге асырылған мынадай үш жоба жайында айтылған. Бұлар; «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» мен «Мәдени және конфессияаралық келісім».

2- Прагматизм: Қысқаша өзінің ұлттық және жеке құндылығын жақсы білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағын жоспарлай алу, ысырапшылық, астамшылық, доңғайлық пен кердеңдік секілді кертартпа мінездерден арынуға тоқталған. Радикалды идеологиялар ғасырының келмеске кеткендігі және тек қана реализм менпрагматизм ғана онжылдықтардың ұраны болатыны айтылған.

3- Ұлттық бірегейлікті сақтау: Негізгі түсінік, ұлттық және мәдени әдет ғұрыпқа, тілге, музыкаға, әдебиетке яғни ұлттық рухқа зиян келтірмей жүзеге асыру керек. Ұлттық құндылықтарды сақтау үшін бұрынғы кертартпа әдеттерді және қате түсініктерді тастау керек.

4- Білімнің салтанат құруы. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ он жылдық уақытта қәзірі кәсіптердің жойылып кететіндігі айтылып экономиканың сипатының бұрын сонды еш бір дәуірде мұнша өзгермегендігіне тоқталған. Сол себепті білім сапасының арттырылуы керектігі, кәсібін қиналмай жеңіл өзгертуге аса білімдар адамдардың маңыздылығы айтылған.

5- Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. 20- ғасырдың Қазақ халқы үшін революциялық сілкіністерге, қанды және қасіретке толы ғасыр болғандығы, бастан кешірген тәжірибеден кейін, текқана эволюциялық дамудың ұлттың өркендеуіне септігін тигізгендігі айтылған. Қазіргі таңда революциялар формасын өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылғандығы дегенмен, түптен келгенде қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталғандығына куә болғандығы айтылған. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау-қоғамның да, саяси партиялар мен көзқарастардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық рухани жұмысының бір бөлігі екендігі баса айтылған.

6- Сананың ашықтығы. Әлем қарқынды өзгеріс үстінде тұрғанда бұл қара сананың артта қалып қоюы көптеген проблеманың туындауына себеп болатындығы айтылып, мемлекеттегі аймақтағы және әлемдегі серпілістердің бақылауда ұстауы, не болып жатқандығынан хабардар болуы және өзгерістерге бейімделе білудің маңыздылығы және қиындықтары айтылған. Адамдардың таяу он жылда өмір салты, жұмыс, тұрмыс, баспана, адами қатынас тәсілдерінің түбегейлі өзгеретіндігі және осыған дайын болулары керектігі көрсетілген.

Жоғарыда көресетіген принциптерге қол жеткізу үшін керекті қадамдарды бірнеше тақырып төңірегінде жұмылдыруға болады. Бұлар: 2012 жылы алынған шешімдерге сәйкес, 2015 жылға дейін біртіндеп латын әліпбиіне көшу, Қоғамдық және Гуманитарлық ғылымдары бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылмасы; Туған жерге, Отаныңа, Туыңа деген сүйіспеншілік арттыру мақсатында «Туған ел» атымен бастама алып, «Туған жер» атты бағдарламаға ауысуы, жоспарланған бағдарлама негізінде ұлттық патриоттизмді қалыптастыру. Заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті
секілді тақырыптар болып табылады.

Үкімет және қоғам бірлесе отырып, жүзеге асыруы тиіс болып табылатын бұл бағдарлама батыс елдері ұсынған дайын бағдарламалар секілді болмауы тиіс, халқымыздың ұлтық және рухани құндылықтарын негіз ала отырып және осы құндылықтар негізінде «Ұлттық жаңғыру» моделі ретінде, жүзеге асырылуы қажет. Назарбаев ұсынған жол картасның осындай біліктілікке сай болуы, бұл бағдарламаны тек қана Қазақстан емес, сонымен қатар барлық дамушы елдер, әсіресе осы аймақ елдері үшін бір манифест деуге болады.

Тарихы мен мәдениетін шын көңілден сүйетін, ұлтық және рухани құндылықтарымен байланысын үзбеген, бұған қарамастан тарихында болған жағымсыз әрекеттер мен қате түсініктерден бас тартқан, әлемге құшақ жайған, санасы терең, жоспары нық, жаңғыру бағдарламасының мәні мен маңызы ең жақсы түсінетін ел Түркия және Түрік халқы. Әсіресе, республиканың алғашқы жалдарында Гази Мустафа Кемал Ататүрктің бастамасымен демократияландыру, жаңғыру бағдарламалары, даму жоспарлары, өнеркәсіпте, егін шаруашылығында, әсіресе білім саласында қысқа мерзімде жақсы жетістіктерге қол жеткізуге себеп бола отырып, өз аймағында және әлемде мойындалған болатын, осы секілді жетістіктерге Қазақ елі де қол жеткізіп отыр.

Қазақстанның ең дамыған елдер қатарына кіру жолында демократияландыру мен жаңғыруға қол жеткізуі үшін, бірнеше белестерді бағындыруы тиіс. Осыған қарамастан, ұлтық және рухани құндылықтарымен байланысын үзбеген, отаны мен желбіреген көк туы үшін жанын беруге дайын қазақ халқы мен оның елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің мемлекетті басқару тәжірибесі, саяси біліктілігі және өзіне тән лидерлік қасиетінің арқасында осы белесті бағындыру айтарлықтай қиын бола қоймас және Қазақстан өз мақсатына жоспарлаған межеден ерте жететініне сенімім мол.

Чағлар Ербек
Зерттеуші жазушы қазақ мәдени тобы басшысы
Blogger tarafından desteklenmektedir.